Әрбір азаматтың дауысы-еліміздің болашағына қосқан маңызды үлесі. 23 тамыз күні еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға — сайлау өтеді.
Бұл — әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің дамуына деген ұстанымын білдіретін күн. Саяси шарадан бейжай қалмай, өз таңдауын жасау — жауапты түлғалардың белгісі. Өйткені қоғамның болашағы әрқайсымыздың белсенділігімізге, жауапкершілігімізге және саналы шешімімізге тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз ашықтықты, әділдікті және ортақ мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Баршаңызды 23 тамыз күні сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз азаматтық құқығымызды жүзеге асыруға шақырамын. Қандай таңдау жасасаңыз да, ең бастысы — ол сіздің саналы әрі ерікті таңдауыңыз болсын. Болашағымызға бірге жауапкершілікпен қарайық! Бірлігіміз — күшіміз, белсенділігіміз -дамуымыздың кепілі. Бірге белсенді болайық. Әр дауыс маңызды!
Смағұлова Майкен Қалымқызы,
ардагер-ұстаз
