Month: Қазан 2023

Даму кедергілерін жояды

Павлодарда балаларға арналған сөйлеуді түзету орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Орталықтың ішінде жөндеу жүргізіліп, жаңадан кабинеттер ашылды. «Я могу» балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету орталығының басшысы Меруерт Мауянова – халықаралық деңгейдегі сертификатталған…

Ауызсу тартылды

Соңғы жылдары аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында Богатырь ауылында сумен жабдықтау объектісінің ашылу салтанаты…

Аумақтар абаттандырылды

Биыл Ақсу қаласында шаһар көшелерінің жолдарын ретке келтіру, аумақтарды абаттандыру бағытында бірқатар іс атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасын таппақ. Айталық, осы жылы шағын шаһардағы бірнеше мектептің маңына…

Жол апаты жиіледі

Алғашқы қар түскен күні Павлодар облысында үш ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі апат облыс трассасында, біреуі облыс орталығының көшесінде болды. Жол-көлік оқиғаларында барлығы 12 адам зардап шекті. Облыстық жедел…

Жаңа жүйе іске қосылды

Облыс орталығында жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін 5G интернет жүйесі қосылды. Оны қолдану үшін телефонның техникалық әлеуеті жеткілікті болуы шарт. Яғни байланыс құрылғысы неғұрлым жаңа болса, соғұрлым жылдамдықты интернет…

Көлік иелерінің берешегі көп

Бүгінгі таңда павлодарлықтар соттан тыс банкроттыққа 2500-ге жуық өтініш берген. Қазіргі уақытта оның 100-і мақұлданып, есептен шығарылған қарыздар сомасы 220 млн теңгеден асты. Сондай-ақ, 100-ге жуық азаматтар өз өтініштерін қайтарып…

Патриоттық әндер шырқалды

Достық үйінде Республика күніне орай «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» атты ХХІІ облыстық патриоттық әндер фестивалі өтті. Жастарға қолдау көрсету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу…

Жануарлардан қандай қауіп бар?

Аймағымызда жануарлардан ауру жұқтырған тұрғындар қатары артуда. Тек осы жылдың алғашқы тоғыз айында 1836 павлодарлық антирабиялық көмекке жүгініп, оның 61-і медициналық көрсеткіштері бойынша ауруханада ем алған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен…

Тиімсіз есептеуді шешеді

Қазіргі уақытта Қазақстанда тауар айналымы процестерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты жинау және тіркеу бойынша кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда. Бұл не үшін маңызды? Цифрландырған деректер инфляцияны…

Жас балуандар белдесті

Бұрнағы күні «Баянтау» спорт кешенінде еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері, ҚР құрметті спорт қайраткері Амантай Аймағамбетовтің құрметіне арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында өңіраралық турнир өтті. Сайысқа 300-ге жуық жас…