Дәрумен тапшылығы неден туындайды?

Нау 13, 2025

Көктем мезгілінде адамдарда авитаминоз, яғни ағзада дәруменнің жетіспеушілігі байқалады. Күнделікті тамақ құрамында дәруменнің қажетті мөлшерде болмауы салдарынан организмде зат алмасу процесі нашарлайды.

«Almaz Medical Group» емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Дидар Уәлиханова көктемде адамдардың ағзасында дәрумен азаятынын айтады. Қыс мезгілінде жеміс-жидек пен көкө-ністі аз тұтыну, күн сәулесінің қажетті мөлшерде түспеуі авитаминозға әкеледі.

— Авитаминоз кезінде адам тез шаршап, бойын әлсіздік билейді. Тері құрғақтанып, шаш жиі түсіп, тырнақ тез сынады. Адам жиі ауыра береді. Әр нәрсеге ашуланып, күйзеліске түседі. Тіпті, кейбір адамдарда көру қабілеті нашарлап, көз ауруы пайда болады. Мұндай белгілерден сақтанудың жалғыз жолы – дұрыс тамақтану, — дейді дәрігер.

Дидар Уәлиханова ас мәзірінде көкөністер, жемістер, жаңғақ, ақуыз болуы тиіс екенін айтады. Сонымен қатар, адамдар Д дәруменін қабыл-дағаны жөн. Бұдан бөлек, таза ауада серуендеу, жеңіл дене жаттығуларын жасау – иммунитетті арттыруға әсер етеді. Адам өзін сергек ұстайды.

Ағзада дәрумен тапшылығы болған кезде күйзеліске төзімділік азаяды. Мұндай кезде тәтті және майлы тағамдардан бас тартқан абзал. Зиянды сусындарды, ішімдікті тұтынбау
қажет.

— Дәрумен жетіспеушілігінен А, С, Д ,Е, В дәрумендері көмектеседі. Мысалы, А дәрумені сәбізде,  бауырда және өрікте бар. В дәрумені балық, ет, жұмыртқа, жаңғақта кездеседі.  С дәрумені цитрус  жемістерінде, Д дәрумені балық, жұмыртқа, саңырау-құлақ пен сүт өнімдерінен алынады.  Е дәруменін өсімдік майы, жаңғақ арқылы толықтыруға болады.

Бізде басқа елдерге қарағанда күн сәулесі аз түседі. Мысалы, Түркия елінің халқы күннің жарығын жеткілікті мөлшерде қабылдайды. Сол себепті күннің жетіспеушілігінен халқымызда йод тапшылығы байқалады. Сондықтан тұрғындарға дұрыс тамақтанып, дәрумен мөлшерін толтыруға кеңес беремін, — дейді дәрігер.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

WhatsApp