Биыл сәуір айынан бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Бұл ретте мото-маусымды күтпей-ақ, аймақ тұрғындары екі доңғалақты көліктерін белсенді тіркей бастады. Атап өтсек, бүгінгі күні облыс бойынша екі жүзден астам мопед қолданушысы бұл процедураны орындады.
Павлодар облыстық полиция департаменті процессинг орталы-ғының бастығы Сейілхан Садықов ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарымен теңестіретін заңнамалық өзгертулер енгізілетінін атап, бұл көлік құралын полиция органдарында тіркегеннен соң ғана пайдалану рұқсат етілетінін айтты. Сондай-ақ, мопедтерге скутерлер мен осы техникаға ұқсас механикалық көлік құрал-дары теңестіріледі.
— Мопедті тізгіндеу үшін A1,А және В санатындағы жүргізуші куәлігі керек. ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңының 1-бабы 41-тармақшасына сәйкес мопед — екі немесе үш дөңгелекті механикалық құрал. Ішкі жану қозғалтқышымен жабдықталған, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышымен жабдықталған және сағатына 50 шақырымнан аспайтын макси-малды конструктивті жылдамдығы бар көлік. Заңнамалық өзгертулер мопед және скутер жүргізушілеріне ғана емес, бұл көлік құралын сатып алуды жоспарлаған азаматтарға да қатысты. Көлікті басқару үшін жүргізуші куәлігі мен құзырлы органда тіркеуден өту қажет, — деді орталық басшысы.
Сонымен қатар, Сейілхан Садықов мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-на бару керектігін ескертіп, көлікті тіркеу үшін жеке куәлік (электронды түрдегі нұсқасын да ұсынуға болады), техникалық құжат немесе мопедтің техникалық қасиеттері туралы мәліметтерді ұсыну қажет екенін жеткізді. Айтуынша, өтінішті толтыру, мопедті қарауден өткізу және мопедті тіркеу үшін мемлекеттік баж төлеу (0,25 АЕК немесе 98З теңге), тіркеу туралы куәлікті алғаны үшін (25 АЕК немесе 4 915 теңге), мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін (1,4 АЕК немесе 5 505 теңге) төлеу керек.
— Мопед немесе скутер жүргі-зушісінің жүргізуші куәлігі болса, осы көлік құралын тиісті жүргізуші санатындағы құжат негізінде басқаруға болады. Егер жүргізуші куәлігі болмаса, A1 санатындағы құжатты алу керек. Айта кетейік, ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес A1 санатын алу 16 жасқа толған тұлғаларға рұқсат етіледі, — деп толықтырды ол.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.