Жастармен бір толқында

Там 7, 2025

12 тамызда елімізде халықаралық жастар күні аталып өтіледі. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бо-
йынша министрлердің 1998 жылдың 8-12 тамыз аралығында Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конфе-ренциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

12 тамыз күні халықаралық жастар күніне орай әрі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты екікүндік республикалық форум ұйымдастырылады. Аталған форум еліміздің әр өңірінен келген 35 жасқа дейінгі 100-ден аса белсенді, еңбекқор және болашағы зор жастарды біріктіреді.

Жиын бағдарламасында пленарлық, тақырыптық сессиялар бойынша кейстер, тренингтер мен диалогтық алаңдар, облыстың жетекші кәсіпорындарына экскурсиялар, мәдени-танымдық іс-шаралар және «Арбат — 2025» интерактивті көрмелері қарастырылған.

Аталмыш шара «Жастар FEST» мәдени іс-шара-сымен жалғасады. Алдымен  «Павлодар – жұмысшы мамандықтар аймағы» атты көрме ұйымдас-тырылады. Кейін Ertis Promenade сахнасының төрінде қазақ эстрадасының жұлдыздары Adil, Il’han, Bytanat, Kalifarniya, сондай-ақ, өңірдің талантты жастары өнер көрсетеді.

Атап өтейік, «Жастар Fest» фестивалінде ән айтып, шығармашылығын көрсету үшін жергілікті таланттар арасында арнайы кастинг жүргізілді. Фестиваль барысында қатысушылар авторлық немесе танымал әндерге дайындаған каверлерін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, фестивальде жас суретшілердің туындылары, фотосуреттер мен дизайнерлік жұмыстардың көрмелері ұйымдастырылады.

А.БОРАНБАЕВА.