Менің сүйікті кітабым

Нау 12, 2026

Менің сүйікті кітабым – «Көксерек» повесі. Оның авторы – қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов. Кітап алғаш оқығанда-ақ маған қатты әсер етті. Бұл шығармада қасқырдың бөлтірігі – Көксеректің өмірі туралы айтылады.

Әңгіме желісі бойынша адамдар Көксеректі інінен алып кетеді, бірақ ол ешқашан адамға үйрене алмайды. Ол еркін даланы, табиғатты жақсы көреді. Осыны оқып, мен жануарлардың да өз заңдары мен өмір жолы бар екенін түсіндім. Кітаптың мағынасы терең. Жазушы осы шығарма арқылы адам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек екенін көрсетеді.

Егер адам табиғатқа зиян келтірсе, ол өзіне қайта оралады. Бұл маған үлкен сабақ болды. Сонымен қатар, бұл кітап мені адам мен жануар арасындағы айырмашылықты тереңірек түсінуге үйретті. Адам кейде өзіне қажет деп ойлап, табиғатқа араласа береді, бірақ оның қандай зардап әкелетінін ойламайды.

Көксеректің тағдыры арқылы мен кез келген тіршілік иесіне еркіндік пен өз мекенін қажет екенін білдім. Қасқырдың да өз отбасы, өз өмір сүру салты бар. Егер адам табиғатқа дұрыс қараса, онда адамдар мен жануарлар арасында үйлесім болады. Осы ой маған қатты әсер етті және табиғатты қорғау мен үшін маңызды екенін сезіндім. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайтынын, әр тіршілік иесінің өз орны мен еркіндігі бар екенін ұқтым.

Маған бұл кітаптың ұнаған жері – оқиғалардың түсінікті әрі қызық суреттелуі. Оқыған сайын өзімді кең далада жүргендей сезіндім. Сондықтан «Көксерек» мен үшін тек қызықты шығарма емес, өмірге сабақ беретін кітап болып қалды.

Нұрсұлтан ҚАБДОЛЛА, С.Торайғыров атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.