Шарбақты ауданында облыстық білім беру басқармасының қолдауымен STEM бағытындағы олимпиада жоғары деңгейде өтті. Оған оқушылар белсенді қатысты.
Білім сынын ұйымдастыруға ұйытқы болған дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты мамандарының айтуынша, бұл зияткерлік сайыстың басты мақсаты – дарынды оқушылардың зерттеушілік әлеуетін дамыту және оларға ерте жастан кәсіби бағдар беру. Сол арқылы балалардың математика, инженер және жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға болады, дейді ұстаздар қауымы.
STEM олимпиадасына қатысушылар топқа бөлініп, «Инженерлік іс», «Дизайн», «Жаратылыстану ғылымдары» және «Математикалық сауаттылық» бағыттары бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ, өз зерттеулерінің мақсатын анықтап, тәжірибе жүргізіп, нәтижесін талдады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Исмағұл Ғалымжан, Қуаныш Өміртай, Манап Айнияз, Ерғалым Жансерік, Қайырболат Шахмұрат
III орын иеленді.
Н.АҚЫТЕГІ.
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ
