Баянауыл ауданында жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда Баянауыл ауылының көшелеріндегі жолдар тазаланып, асфальт төселуде.
Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, алдымен елді мекендегі ескірген жолдар жаңартылып, жөнделетін болады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар қызу жалғасуда. Сонымен қатар, Шонай ауылындағы Нағым Солтаналин көшесінің ауылішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша келісімшарт жасалған.
Осы өңірдегі жалпы қашықтығы 2,33 шақырымды құрайтын жолды жөндеумен «АВН Строй Класс» ЖШС мердігер мекемесі айналысуда.
Жолдардың сапасы мен атқарылып жатқан іс-шаралардың уақытылы орындалуы жіті бақылауда болады, дейді әкімдік өкілдері.
Н.ШОДЫР.
Баянауыл ауданы
