Бір батырма — бір қызмет

Мау 11, 2026

Қазір біз технология дамыған заманда өмір сүреміз. Автобусқа жолақыны қолымыздағы телефонмен төлейміз. Баламызды балабақша кезегіне үйден шықпай қоямыз. Анықтамаларды да онлайн жүктейміз. Бұл тізім жалғаса береді. Бұл — цифрландыру дәуірінің жетістігі.

Елімізде 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы бекер емес. Себебі, бұл — жай ғана технологиялық тренд емес, бұл — мемлекеттің, қоғамның және әр азаматтың өмір салтын өзгертуге бағытталған кезең. Әсіресе, соңғы жылдары жиі айтылып жүрген «бір батырма – бір қызмет» қағидаты цифрландырудың  нақты көрінісіне айналып келеді.