Соңғы қоңырау: естелік пе, еліктеу ме?

Мау 11, 2026

«Балауса қыз едің бір кезде, шашыңа ақ бантик байлаған» деп басталатын белгілі ақын, жазушы Мұхтар Шахановтың «Ақ бантик» әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Әр адамның жүрегін өзіндік нәзіктігімен баурап алатын бұл ән талай жылдан бері тыңдарманның көңілінен ерекше орын алып келеді. Бұл әнді ести қалсаң, соңғы қоңырауда басына ақ бантик таққан қыздар мен келісті бозбалаларды көз алдыңа елестетесің. Соңғы вальс, соңғы қоңырау, соңғы сап –  бәрі де мектеппен қоштасудың шынайы белгісіндей еді…