Қазір біз технология дамыған заманда өмір сүреміз. Автобусқа жолақыны қолымыздағы телефонмен төлейміз. Баламызды балабақша кезегіне үйден шықпай қоямыз. Анықтамаларды да онлайн жүктейміз. Бұл тізім жалғаса береді. Бұл — цифрландыру дәуірінің жетістігі.
Елімізде 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы бекер емес. Себебі, бұл — жай ғана технологиялық тренд емес, бұл — мемлекеттің, қоғамның және әр азаматтың өмір салтын өзгертуге бағытталған кезең. Әсіресе, соңғы жылдары жиі айтылып жүрген «бір батырма – бір қызмет» қағидаты цифрландырудың нақты көрінісіне айналып келеді.
