Құстарға қамқорлық

Шіл 9, 2026

Шарбақты ауданындағы полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Мұндағы басты мақсат – ормандағы құстарға қамқорлық көрсету, дейді мамандар.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері бұл бастама құстардың санын сақтап қалуға және олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға үлкен көмегін тигізетінін айтады.

– Құс – орман көркі. Сондықтан қанаттыларға қамқорлық көрсетіп, олардың азайып кетуіне жол бермеу қажет. Ал осынау игі іс-шаралар тұрғындарды табиғатты қорғауға баулып, экологиялық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді, – деп атап өтті аудандық табиғатты қорғау полициясының инспекторы Қайрат Баисов.

Аталған ация аясында аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  жануарлардың мекендеу орындарын сақтап қалу және оларға барынша қамқорлық көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау туралы заң талаптары түсіндіріліп, оны бұзған азаматтардың жауапқа тартылатыны да тілге тиек етілді.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ