Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Досжанов жұмыс сапарымен Басқамыс–Қарақоға–Шұға–Жолболды бағытындағы автомобиль жолының 0–15 шақырым аралығында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында жол-құрылыс жұмыстарының орындалу сапасы мен қарқынына ерекше назар аударылып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өтті. Қазіргі таңда жол төсемін жаңарту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған жоба шалғай ауылдар арасындағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстарының әр кезеңі тұрақты бақылауда ұсталып, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру көзделіп отыр.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
