Жақында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жұмыс сапарымен Аққулы ауданына барып, әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.
Серік Төлеуғалиұлы Ямышев, Тілектес, Шарбақты ауылдары мен аудан орталығындағы инфрақұрылым нысандарын аралады. Атап айтқанда, елді мекендердегі ауызсу жүйесі, автомобиль жолдарының жағдайын бақылап, білім беру нысандарының қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Қазандықтардың техникалық жағдайын көрді. Сонымен қатар, типтік мал қорымының құрылысымен танысып, саябақ құрылысын жүргізуді назарға алды. Аталған нысандар бойынша жауапты мекемелерге тапсырма беріліп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын жүктеді.
Аудандардағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Аққулы ауданы
