Аудан ардагерлері табиғат аясында денсаулық күнін өткізіп, «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.
Қариялар спорттық шараларды ұйымдастырып, жаяу жүріп жарысты. Доп ойнап, Ертіс өзені жағасында серуендеді. Табиғат аясында дәмді ас әзірлеп, самаурынның шайын ішті. «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосып, өзен жиегін қоқыстан тазартты.
Осылайша, бұл әрекеттері арқылы қариялар салауатты өмір салтын ұстанып, туған жерге қамқорлық танытуды көрсете білді. Табиғат аясында күн көңілді өтті.
— Ардагерлермен өткізген күн ешқашан ұмытылмасы анық. Өйткені өткенді еске алып, қызықты сәттермен бөлісіп, әңгімелестік. Рухани кешіміз көңілді өтті. Мұндай кездесулер қарияларды одан әрі жасарта түседі. Туған жерге өз үлесімізді де қоса білдік, — дейді аудандық «Атамұра» клубының директоры Людмила Гунжель.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Ертіс ауданы
