Туристік слет өтті

Там 20, 2026

Железин ауданының жастары табиғат аясында жүздесіп, уақыттарын тиімді өткізді. Яғни, олар «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған  туристік слетте бас қосты.

Жастар орталығының мәлімдеуінше, туристік слетке қатысқан Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов ауданның белсенді жастарын марапаттап, қоғамдық өмірге қосқан үлестеріне алғысын білдірді.

– Туристік слет жай ғана бас қосу емес. Бұл жерде сіздердің өмірге, салауатты өмір салтына деген көзқарастарыңыз қалыптасады, – деді аудан әкімі.

Кедергілер жолағы, капитандар сайысы, аспаздар байқауы, жасақтардың ән байқауы сынды кезеңдерде күш сынасқан. Мұнда олардың ептілігі мен тапқырлығы, командалық бірлігі сыналды. Бір сәт аудан жастары мәре-сәре болып, достық атмосферада күндерін өткізді. Әрбір команда жеңіске ұмтылысын көрсетті. Әрқайсысы білімі мен өнерін ортаға салды. Жастар әр сәттен рахат алды, би де биледі. Түн жамыла ашық алау айналасында ән де шырқады.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Железин ауданы