Телемедицина ауылдық елді мекендерде де кеңінен қолданылады. Железин аудандық ауруханасының мамандары аудан ауылдарының тұрғындарына қашықтан медициналық қызмет көрсетуде.
Железин аудандық орталық ауруханасының мәліметінше, биыл жеті ай ішінде мұндай 1250-ден аса қашықтан медициналық кеңес берілген. Осылайша, телемедицина пациенттерге аудан орталығынан тыс шықпай-ақ кеңес алуға мүмкіндік береді.
– Қашықтан акушерия және гинекология, наркология, неврология, онкология, отоларингология, офтальмология, психиатрия, терапия, хирургия және эндокринология бағыттары бойынша кеңес жүргізілді. Осылайша, науқастарға дер кезінде медициналық көмек берілді. Заманауи технологиялар медицинаны халыққа жақындата түсуде. Бұл — артық жол жүріп, кезек күтпей қажетті маманнан кеңес алуға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл, –
делінген аурухананың ақпаратында.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.
Железин ауданы
