Төтенше жағдайға дайындық қалай?

Қыр 17, 2026

Шарбақты ауданында азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылын пысықтауға бағытталған оқу-жаттығу өтті. 

Айтулы шараға облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Думан Қыдырмоллаевтың төрағалығымен құрылған арнайы комиссия қатысты. Олар сала мамандарының жедел әрекет ету мүмкіндіктерін және тиісті қызметтердің материалдық-техникалық жағдайын тексерді.

Іс-шара барысында арнайы техни-калар мен жабдықтардың дайындығы қаралып, өртке қарсы қызмет, жедел жәрдем, полиция, коммуналдық кәсіпо-рындардың авариялық бригадалары мен құтқарушылардың төтенше жағдай туындаған кездегі әзірліктері сыналды.

Қатысушылар табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалардың салдарын жою, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығару, алғашқы медициналық көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырма-ларды орындап, кәсіби дайындықтарын көрсетті.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығына баға беріліп, анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстар әзірленеді.

Н.ШОДЫР.

Шарбақты ауданы