Пилоттық жобадан не күтеміз?

Қар 5, 2026

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Эпидемиолог» ақпараттық жүйесінің «Шұғыл хабарламалар» модулін енгізу бойынша төрт өңірде пилоттық жобаны сынақтан өткізуде. Солардың бірі ретінде Павлодар облысы таңдалып алынған екен. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар аймағымызда қалай жүзеге асуда? Жаңа жоба не береді? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлиев Батырбек Төлеубекұлымен сұхбаттасқан едік.

– Батырбек Төлеубекұлы, қазіргі уақытта облысымызда «Эпидемиолог» ақпараттық жүйесінің «Шұғыл хабар-ламалар» модулі пилоттық режимде сынақтан өтіп жатқанын естідік. Бұл жүйенің мақсаты не? Тиімділігі қандай?

– Иә, пилоттық жоба сынақтан өткізілуде. Бұл модульдің негізгі мақсаты – анықталған инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары туралы ақпаратты медициналық ұйымдардан санитариялық-эпиде-миологиялық бақылау қызметіне электрондық форматта жедел жеткізуді қамтамасыз ету.

Аталған жобаны енгізу инфек-циялық және паразиттік ауруларды анықтау мен олар туралы шұғыл хабарламаның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне түсуі арасындағы уақытты қысқар-туға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, эпидемиологиялық тергеп-тексе-руді уақтылы жүргізуді және инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу шараларын қабылдауды қажет ететін аурулар кезінде аса маңызды болып табылады.

– Сонда бұл жүйе іс жүзінде ауру ошағын ертерек анықтап, инфекцияның басқа адамдарға таралуына тосқауыл бола ала ма?

– Аталған жобаның негізгі артықшылығы – шұғыл хабарламаны жеткізу уақытын қысқарту. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары инфекциялық және паразиттік ауру туралы шұғыл хабарламаны неғұрлым ерте алса, эпидемиологиялық тергеп-тексеру жұмыстары да соғұрлым ерте басталып, қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар уақтылы қабылданады. Атап айтқанда, аурудың басталған күні, инфекцияның ықтимал көзі, жұғу жолдары мен факторлары анықталып, науқаспен байланыста болған адамдар тобы белгіленеді.

Инфекцияның сипатына қарай науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау, зертханалық тексеру және басқа да көзделген іс-шаралар жүргізілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда вакцинациялау немесе шұғыл профилактика, дезинфекциялық іс-шаралар, сондай-ақ, инфекция ошағын оқшаулауға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Осылайша, ақпараттық жүйе мамандардың жұмысын алмас-тырмайды, керісінше, қажетті ақпаратты оларға жедел жеткі-зуге және эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық кешенін уақытылы бастауға мүмкіндік береді.

– Демек, электрондық хабарлау жүйесі ақпаратты беру уақытын қысқартып, адами фактордан туындайтын қателіктерді азайтуға ықпал етеді ғой. Алайда медициналық ұйым ауру туралы мәліметті уақытында енгізбесе немесе ақпарат кешігіп түссе, қандай жауапкершілік қарасты-рылған? Жалпы, жаңа жүйе-
нің жұмыс сапасы мен тиімділігі қандай көрсеткіштер арқылы бағаланады?

– Ақпаратты уақтылы әрі дұрыс жеткізудің эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу үшін маңызы зор. Егер медицина қызметкері анықталған инфекциялық ауру туралы шұғыл хабарламаны уақтылы жібермесе немесе мәліметтерді қате енгізсе, бұл эпидемиологиялық тергеп-тексерудің және қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралардың басталуын кешіктіруі мүмкін. Бұл өз кезегінде инфекцияның одан әрі таралу қаупін арттырады. Сондықтан медициналық ұйымдар инфекциялық ауруларды анықтау және олар туралы уақтылы хабарлау бойынша белгіленген талаптардың сақталуына жауапты.

Пилоттық жоба аясында шұғыл хабарламалардың түсу жеделдігі, енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы бағаланады.

– Бұл пилоттық жобаның нәтижесі қашан қоры-тындыланады? Егер жүйе тиімділігін дәлелдесе, оны облыстың барлық меди-циналық ұйымына толық енгізу жоспарланып отыр ма? Сондай-ақ, бұл жаңашылдық қарапайым тұрғындардың денсаулығын қорғауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаншалықты қауқарлы?

– «Шұғыл хабарлама» моду-лінің жобасын Қазақстан Респуб-ликасының заңнамасына және ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес іске асыру 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарланған. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін модуль жұмысына, оның ішінде техникалық және практикалық тиімділігіне бағалау жүргізіледі. Жобаның нәтижелері оң болған жағдайда жүйені одан әрі енгізу мәселесі белгіленген тәртіппен шешілетін болады.

Жалпы, бұл жоба эпиде-миологиялық қадағалаудың жедел-дігін арттыруға, инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары туралы шұғыл хабарламаларды жеткізу уақытын қысқартуға, эпидемиологиялық тергеп-тексеру жұмыстарын жедел бастауға және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Әрине. қағаз құжат айналымы қолданылған кезеңмен салыстырғанда, шұғыл хабарламаларды жеткізу қосымша уақытты қажет етеді. Ал электрондық формат медицина қызметкері мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды тікелей жолдауға мүмкіндік береді.

– Бүгінгі таңда өңірімізде қандай жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі немесе ерекше бақылауды қажет етеді? Қай ауру түрлерінің өсу немесе төмендеу дина-микасы байқалады? Соңғы жылдармен салыстырғанда инфекциялық аурулардың таралу көрсеткішінде қандай өзгерістер бар?

– Қазіргі уақытта облысымызда эпидемиологиялық жағдай тұрақты және үнемі бақылауда. Сондай-ақ, жіті вирустық гепатиттер бойынша сырқаттанушылық – 55,5%-ға, желшешек – 10%-ға, жіті ішек инфекциялары тобы – 11,6%-ға, менингиттер 21,4%-ға төмендегені байқалады. Зең аурулары, скарлатина және эхинококкоз бойынша сырқаттанушылықтың аздаған өсуі тіркелуде.

– Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – Нұржайна ШОДЫР.