Жақында облыс орталығындағы Павлов көшесі, 48-үй мекенжайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. Цифрлық форматта жұмыс істейтін ғимаратта операциялық бөлме түрлі түсті аймақтарға бөлініп, жиһаздар мен техникалар жаңартылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.

Жалпы, ХҚКО қызметінде ешқандай өзгеріс жоқ. Жөндеу жұмыстары маусым-тамыз айлары аралығында жүргізілді. Орталықта туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат секілді маңызды құжаттарды беру, әлеуметтік қызметтер көрсету, құжаттау, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері жүзеге асырылады. Оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны, жеке куәлік пен паспортты, жүргізуші куәлігін беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және автомобильдерді қайта тіркеу – жиі сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар облыстық филиалы басшысы Асылбек Сапарбекұлының айтуынша, халыққа қызмет көр- сету бөлімдері,  әлеуметтік қамсыздандыру (зейнетақы, жәр- демақы тағайындау), жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы қызметтер көрсету бағытында жұмыс істейді. Қазіргі таңда филиалда жалпы 700-ге жуық адам қызмет етеді. Мұнда ерекше қажеттілігі бар 32 азаматқа еңбек етуге мүмкіндік берілген.

— Биыл Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірінші жартыжылдықта Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 311 230 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 650 737-сі өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы жүзеге асты. Мұнда ХҚКО-ларға бармай-ақ, электрондық үкімет порталы және оның мобильді нұсқалары арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алғандарды есепке алынбаған, — деді Асылбек Сапарбекұлы. 2022 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде қызмет көрсету үшін қағаз жүзіндегі дайын құжаттарды жеткізу сервисі енгізілді. Бұған дейін мемлекеттік корпорация 1 жұмыс күні ішінде құжаттарды жеткізу сервисін жүзеге асырса, енді «Яндекс жеткізумен» бірлесіп, жеткізудің жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты. Портал арқылы express.gov4c.kz дайын құжаттарды жеткізуді рәсімдеу ұсынысымен «1414»-тен SMS-хабарлама түседі. Өтінімді ресімдеу кезінде клиент сауал-намалық деректерді толтырып, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсетуі қажет. Содан кейін ол құжаттарды жеткізу ақысын төлеуі керек. Нақты уақыт режимінде адам курьердің қозғалысын бақылай алады және курьермен «Яндекс GO» мобильді қосымшасы арқылы байланыска шығуға болады. Косымша болмаған жағдайда, сіз SMS-те алынған сілтеме бойынша карта виджеті арқылы жеткізілімді бақылай аласыз. Жеткізу уақыты 15 минуттан 2 сағатқа дейін, көрсетілген мекенжайға байланысты және құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне және жол жүктемесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

— Тұрғындар Павлодар қаласындағы Павлов көшесі, 48, Луговая көшесі, 16 мекенжайларынан және Екібастұз қаласында орналасқан ХҚКО-лардан «Яндекс жеткізу» қызметі арқылы тапсырыс беруге жиі жүгінеді, — дейді филиал басшысы. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және т.б. дайын құжаттарды жеткізу  — қолжетімді мемлекеттік қызметтер қатарында. Ал тұлғаның жеке куәлік, төлқұжаты, жүргізуші куәлігі — жеткізу қызметіне кірмейтін құжаттар санатында. Асылбек Сапарбекұлының сөзіне сүйенсек, биыл алғашқы жарты-жылдықта ХҚКО қызметкерлері үй жағдайында 1222 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл сервисті І және ІІ топтағы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады. ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиентке немесе оның қамқоршысына 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыру қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, қолында қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып, мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен 48 жұмыс сағаты ішінде байланысуға міндетті. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында көліктерді ресімдеу жұмысы барынша жеңілдетілген. Kaspi және Halyq, Homebank екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы автокөлікті қайта тіркеу табысты сервистер қатарында. Сонымен, автокөлік иелері өз көліктерін eGov.kz порталында, сондай-ақ аталған екінші деңгейлі банктер мобильді қосымшалары арқылы қайта рәсімдей алады. Жүргізуші куәлігін ауыстыру процесі де жеңілдетілгенін атап өткен жөн. Қазір Kaspi қосымшасы арқылы 5 минут ішінде өтініш беруге және 1 сағат ішінде мамандандырылған ХҚКО-да дайын жүргізуші куәлігін алуға болады. Автокөлікті сатып алу және ресімдеу кезінде әрбір азамат автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға міндетті. Биыл бірінші жартыжылдықта Павлодар облысының автокөлік иелері «әдемі» нөмірлерге 136 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады. Клиент мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылған нөмірлерден таңдау жасай алады немесе бірқатар «сұранысқа ие» сандар немесе әріптерді қолдана отырып, нөмірге өз қалауы бойынша тапсырыс бере алады. Көлік құралы сатылған жағдайда клиент мамандандырылған ХҚКО-да VIP-нөмірді өзінің атына сақтауға құқылы. «Эксаумақтық қағидат» азаматтарға тіркелген мекенжайына қарамастан елдің кез келген ХҚКО-да баланың тууына және оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге мүмкіндік береді. Эксаумақтық қағидаты азаматтардың жеке басын куәландыратын құжатты алған кезде де қолжетімді. Яғни, жеке куәлік пен паспортты алу үшін тіркеу мекенжайына қарамастан Қазақстанның кез келген ХҚКО-на жүгінуге болады. Қазіргі уақытта асыраушысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақылар бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, бала тууға және оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын алған көпбалалы аналарға проактивті форматта қызметтер қолжетімді. Жалпы, павлодарлық филиал ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында әлеуметтік қамсыздандыру желісі бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Сондай-ақ, баланың туылуына және оған бір жарым жылға дейін күтім жасауына байланысты төленетін жәрдемақыны смартфонның көмегімен Kaspi және Halyq, Homebank мобильді қосымшалары арқылы ресімдеуге болады. Банкке барудың, арнайы шот ашудың қажеті жоқ. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қажетті деректерді көрсету және SMS арқылы өтінім жіберу жеткілікті. Ережеде филиалдар ай сайын төлем айының алдындағы айдың 24-не дейін зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілік туғызатыны айқындалған. 2023 жылдың бірінші жарты-жылдығындағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен берілетін зейнетақылар мен жәрдемақылардың жалпы саны 328 788 төлем болса, ал «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан 19711 төлемді құрайды. Осы жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты және «МӘСҚ» АҚ қаражаты есебінен көтерілді. 291 913 зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жүргізілді. Биылғы 1 шілдеден бастап 46071 республикалық бюджет жәрдемақысы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жүргізілді. Сондай-ақ, Kaspi және Halyq Homebank қосымшаларында «цифрлық құжаттар» бөлімінде 1 минут ішінде наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтама алуға болады. Бірінші жартыжылдықта облыстық филиал Жер кадастры бойынша 8 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 39 мыңнан астам өтініш ресімделді және коммерциялық заңды тұлғалар бойынша 1 мыңнан астам қызмет көрсетілді. АХАТ бөлімдері функциясы 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорацияның филиалына ауысты. АХАТ функцияларын мемлекеттік корпорацияға берген кезде қызмет көрсету тәртібі өзгермейді. Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады. Некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалуы керек. Өтініш берген кезде клиент салтанатты жағдайда неке қиюды немесе жасамауды таңдай алады. Сонымен қатар, АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететінін атап өтеміз. ХҚКО операторларын қоса алғанда, мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды. Қызмет көрсету стандарттары, оларды қарау тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, мемлекеттік корпорацияда АХАТ қызметкерлеріне жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша штаттық бірліктер көзделген. АХАТ-та ақылы және тегін қызметтер бар. Сондықтан АХАТ-тың әлеуметтік маңызы бар қызметтері, атап айтқанда, тууды, өлімді тіркеу тегін болып қалады. Ақылы қызметтердің тарифі қосымша құн салығын ескере отырып есептеледі. Жалпы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындарға қажетті барлық жағдайлар жасалған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы Павлов көшесі, 48 мекенжайында орналасқанымен, Луговая, 16 мекенжайында баланың тууы туралы куәлігі, жеке куәлік, төлқұжат алудан басқа қызметтерге жүгінуге болады. Космонавтар, 2 мекенжайында жүргізу куәлігі және көлік құжаттарын беруге арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Ал Есенәлиев көшесі, 24 мекенжа-йында қазір Павлодар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

Торғын ОРАЗАЛЫ.

Суреттерді түсірген — Есенжол Исабек.