Бұған дейін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында кейбір инфра-құрылымдық мәселелердің шешілмеуінің салдарынан инвесторлар кері айналып кететін-ді. Ендігі ретте кәсіпорындарды инже-нерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс басталды.
Атап айтқанда, техникалық және ауызсу құбырлары, шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйелерін тарту ісі қолға алынды. Бүгінде облыстық құрылыс басқармасы мердігер ұйымдармен шарт жасасып, жұмыс кестесін белгіледі. Соған сәйкес, құрылыс басталып, қажетті материалдар жеткізіліп жатыр. Инженерлік желілердің құрылысы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының солтүстік техникалық дәлізі бойынша жүргізілуде. Бұл барлық аумақты сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, мұнда 1,2 шақырым шаруашылық-тұрмыстық кәріз желісі, 4,9 шақырым техникалық су құбыры және 5,1 шақырым шаруашылық-ауызсу құбыры салынып, кәріз-тазар-
ту құрылыстарының құрылысы аяқталады. Ал бұған дейін солтүстік аумақта электр энергиясы желілері тартылып, жалпы қуаты 5 МВт болатын қосалқы станция пайдалануға берілген болатын. Осындай жұмыстардың нәтижесінде инвесторларға қосымша 300 гектарға жуық жерді пайдалануға беруге жағдай жасалады. Айта кетейік, жыл басынан бері «Павлодарға» 1 млрд теңгеден астам инвестиция құйылып, үш жоба іске қосылды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.