Биыл Павлодар қаласындағы жол кептелісінің алдын алу мақсатында және жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жалпы ұзындығы 21 шақырымнан асатын 9 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жол жөндеу жұмыстары қала орталығындағы Щедрин, Қамзин, Гагарин көшелерінде жалғасуда. Барлық жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталмақ.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2023 жылы жеке сектордағы 55 көшеге асфальт жабынын төсеуге 1 млрд 300 млн теңге бөлінгенін хабарлады. Бүгінгі таңда аталған көшелер мен учаскелердің басым бөлігінде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, соңғы жылдары облыс орталығындағы Астана, Ломов, Толстой, Торайғыров, Сәтбаев сияқты көлік қозғалысы жиі көшелерде учаскелер жаңартылды. Жалпы, 2023 жылы қалада жалпы сомасы 2 млрд теңгеге ұзындығы 21 шақырымнан асатын 9 көше орташа жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта Щедрин көшесінде Қамзин көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлікте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 3,13 шақырымды құрайды. Қолайлы ауа райы жағдайында 17 қазанға дейін жұмысты аяқтау жоспарланған.

— Биылғы жылы 100 аула мен 43 балабақшаның асфальт жабындарын жөндеу жұмыстары жоспарланды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Павлодар қаласында жеке сектордың көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «ПКФ ГорДорСтрой» ЖШС мердігер ұйымымен Лесозавод, Радиозавод, Горторг, Дачный, Зеленстрой шағын аудандарын-
да, сондай-ақ, қала орталығындағы қиылыс көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жөндеу жұмыстары жүргізілген тізімге Баян батыр, Теплов, Қамзин, Ворушин, Нұркин, Гагарин, Щедрин, Жібек жолы көшелері кірді. Бөлінген қаражат көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, блокішілік аумақтардың асфальт жабындарын жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Жобаға сәйкес, қараша айына дейін жол жөндеу жұмыстарымен қатар, жол бойындағы жиек тастар жаңартылып, суағарлармен қамтылады, — деп хабарлады қала әкімдігі. Сонымен қатар, Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бүгінгі таңда облыс орталығындағы Российская көшесінен Целинная көшесіне дейінгі Салтыков-Щедрин көшесіне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты жолдың көрсетілген учаскесі жабылғанын мәлім етті. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан барлық жолдар мен көшелерде көлік кептелісі болуы мүмкін. Бұған тұрғындардың бір бөлігі түсіністікпен қараса, енді біреулері тіпті ашу-
ланып жатады. Осыған орай бөлім қызметкерлері қала тұрғындарын сабырлы болуға, қандай жағдай болса да түсіністікпен қарауға шақырады.

— Жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталмақ. Бүгінде Павлодардың басты көшелері жөнделіп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін қолайсыздық- тардың басым бөлігі жойылды. Жөндеу жасалып жатқан жолдарды түгелдей жауып тастап жатқан жоқпыз. Көп жағдайда жолдың бір бөлігін ғана жауып, қалған бөліктерін  көліктердің өтуі үшін ыңғайлы етіп бөліп қоямыз. Ал егер жол жабылып, қоғамдық көлік қатынасы өзгеретін болса, алдын ала тұрғындарға хабарлама беріледі, — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері. Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, қала ішілік қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. Бүгінгі таңда бұл мәселе оң шешіліп, облыс орталы-ғындағы жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтіп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргін-шілердің көзайымына айналуда.

А.МҰҚЫШЕВ.

Суретті түсірген — Есенжол Исабек.