Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Шараның мақсаты — браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлі-метінше, рейд барысында полиция қызметкерлері браконьерлікті анықтау үшін аңшылық шаруашылықтар мен алқаптарды патрульдеумен айналысады. Жолдағы патрульдер аңшылық қаруы мен патрондарын, суық қаруды сақтауға және алып жүруге, сондай-ақ, аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау құқығына рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді. Жедел-профилактикалық іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады. Полиция департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.

 А.МҰҚЫШЕВ.