Дарынды және талантты балаларды анықтау, оларды дамыту мәселесі барлық қосымша білім беру жүйесі үшін өзекті. Себебі, мұндай оқушылар — қоғамның басты әлеуеті.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы әртүрлі қызмет түрлерінде қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсететін балаларды қолдауға бағытталған. Жалпы, өткен оқу жылында орталық қала мектептерінің 16 130 оқушысының қатысуымен 150-ден аса зияткерлік, шығармашылық шара өтті. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты талаптарын дамыту мақсатында әртүрлі қалалық олимпиадаларды, ғылыми жарыс-тарды, зияткерлік және шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу арқылы айтарлықтай жоғары деңгейге қойылған. Сонымен қатар, қосымша білім беру міндеттері дәстүрлі іс-шаралармен бірге жыл сайын инновациялық түрлерімен де толықтырылып, қосымша білім беру мектептерінің қызметі арқылы шешіледі. Мәселен, «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі 2021–2022 оқу жылында «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебі, «Жас ақын», «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектебі, «Көшбасшылық және қадір–қасиет» жоғары сынып оқушылары көшбасшыларының балалар мен жасөспірімдер қауымдастығы, 2022-2023 оқу жылында — «Актерлік шеберлік», «Жүргізушілер» мектептерінің жұмыстары ұйымдастырылды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың дарындылығын дамыту, қабілетін ашу, шығармашылыққа жетелеу мақсатында «Павлодар дарыны» орталығы жыл сайын жаңа жобалар мен шаралар жоспарлап өткізуде.
Ақмарал МҰХАМЕТЖАНОВА, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы.