29.12.2018 г. гомель, улица пенязькова, самодельный каток во дворе жилых домов, созданный по инициативе жильцов, слева направо - максим дроздов, андрей винокуров, иван анашкин разминаются перед игрой в хоккей. Фото Ивана Яривановича.

Қыс мезгілінде оқушылар мен студенттер көп уақытын мұз айдындарында өткізіп, сонда сейіл құратыны белгілі. Олардың біразы  бұрынғыдай аққала соғып, қар атысып ойнамаса да, конькиде сырғанағанды тәуір көреді. Ал ол үшін Павлодарда қандай жағдай жасалуда? Облыс орталығында биыл қанша мұз айдыны құйылады?

Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, жыл өткен сайын жергілікті билік тарапынан қысқы спорт түрлеріне деген қамқорлық күшейіп келеді. Биыл тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру және өткізу мақсатында қаланың шағын аудандарына 20-дан астам мұз айдыны құйылады. Олардың біразы шаһардағы орта мектептердің ауласында орналаспақ.

— Облыс орталығында мұз айдындары мектептердің аулаларына көптеп құйылды. Сондай-ақ, қалаға қарасты елді мекендерде де арнайы алаңдар жасалады. Биыл қаланың шағын аудандары мен ауылдық аймағында (Павлодар ауылы) 23 хоккей корты құйылады. Одан бөлек, қысқы мұз айдындары 35 мектептің аумағында, оның жетеуі Кенжекөл, Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдарында және Ленин кентінде құйылады. Қысқы мұз айдындарын орнату бойынша барлық жұмысты 25 желтоқсанға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Корттарды күтіп-ұстауды және оларға күтім жасауды спорт бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ, мектеп әкімшіліктері жүргізетін болады, – деп хабарлайды спорт бөлімінің өкілдері. Бұдан бөлек, қысқы уақытты тиімді пайдалануға ынталы кәсіпкерлер де бұл іске өз үлестерін қосуда. Қаладағы демалыс саябағында, сауда, ойын-сауық кеше-
нінің жанында, тағы басқа жұртшылық ерекше көп жиналатын жерлерде конькиде сырғанаушыларға бар жағдай жасалады. Онда тұрғындарға конькиді жалға алу мүмкіндігі қарастырылған. Конькиді жалға берумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысы да ұдайы бақылауда болады. Олардың қызмет көрсету деңгейі, келушілерге ұсынған конькилері жауапты мамандар тарапынан назарға алынбақ. Мұндағы мақсат — қыстың қызығын көремін деп барғандардың мертігіп қалуын болдырмау, қыз-жігіттердің конькиде алаңсыз сырғанауын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда қысқы спорт түрлерімен кәсіби түрде болмаса да, айналысқысы келетін адамдардың саны өсіп келе жатыр. Әсіресе, мәнерлеп сырғанау мен конькиге ден қойғандардың қарасы қалың. Оған күні-түні мұз айдындарын жағалаған жергілікті тұрғындар дәлел бола алады.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.