Облысымызда азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді қосымшасы арқылы қызмет алуға бейімделгені байқалуда. Биыл жыл басынан бері бір мыңнан астам мемлекеттік қызмет дәл осы мобильді қосымшалар арқылы көрсетіліпті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар облыстық филилиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 80-ге жуық қызметті мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар. Солардың ішінде электрондық цифрлық қолтаңба алу, біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және жүргізуші куәлігін алу — ең тамынал қызмет түрлері қатарында. Нақтысы, жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтиханға жазылуға және қосымша арқылы баж салығын төлеуге, барлық қажетті құжаттарды тіркеуге, емтиханның күні мен уақытын тағайындауға болады.
— Халыққа қызмет көрсету орталығының қосымшасы 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Жыл өткен сайын көпшілік арасында кеңінен таныла бастады. Азаматтарға орталықтарға барып, уақытын жоғалтпай қызмет алу ыңғайлы. Мұнда дерек-терді ауыстырып жіберуге жол берілмейді, себебі, клиенттер биометриялық сәйкестендіруден өтеді, — делінген орталықтың баспасөз хабарламасында.
Егер қызмет алушыға ХҚКО-ға жеке бару қажет болса, онда қосымшада ол кезекті брондап, орынды, күн мен уақытты алдын ала таңдап, содан кейін смартфонда талон ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мере-кесі кезінде, яғни, 21-25 наурыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.
Павлодар қала-сындағы Павлов көшесі 48 мекенжайындағы ХҚКО кезекшілікте болады, сондықтан бұл орталық 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал 26 наурызда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.