Шарбақты өңірінде есірткіге қарсы күрес жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Осы мақсатта «Теневой герой» деген атаумен құрылған жеделхат-боты аудан тұрғындарына таныс-тырылуда.
Тұрғындар аталмыш ботқа анонимді түрде ақпарат бере алады. Яғни, олар есірткі сатумен айналысқан немесе оны қолданған адамдар туралы білетін болса, бірден жеделхат-ботына хабарлап, қоғамда нашақорлықтың таралуына өз үлестерін қоса алады.
Мамандардың айтуынша, бот есірткіге байланысты әр түрлі бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Мәселен, есірткіге арналған үй-жайлар мен психотроптық заттарды сақтайтын орындар, есірткі шығаратын зертханалар жайлы мәліметтерді ұсынады.
Бұл үшін азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқ. Себебі, барлық ақпарат берушінің аты-жөні құпия ретінде сақталатын болады.
Н.АҚЫТЕГІ.