Мен Павлодар қаласындағы №2 орта мектептің 4-сыныбында оқимын. Біздің мектеп 3 қабатты, әдемі әрі таза. Мектебімізде үйірмелер көп. Олардың қатарында би, домбыра, асық, волейбол, баскетбол секілді үйірмелер бар.
Біздің мектепте әр жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан, жаратылыстану мен дүниетану секілді пәндерден мектепішілік олимпиадалар өтеді.
Жуырда мен «Кенгуру» олимпиадасында 1-орынға, «Алтын сақа» мектепішілік олимпиадасында 3-орынға ие болдым. Одан бөлек, сыныбымызбен музыкалық сайысқа қатысып 2-орынды иелендік.
Біздің сынып жетекшіміз Жанна Оразқызы — керемет адам. Ол бізге 1-сыныптан бері ұстаздық етіп келеді. Ал сыныбымыз ұйымшыл. Әркез бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Үзіліс болған уақытта денемізді сергіту үшін түрлі ойын ойнаймыз.
Жақында Наурыз мейрамына орай сынып арасында мерекелік шара өтті. Онда әр оқушы үйінен бауырсақ, құрт секілді ұлттық тағамдарды алып келді. Кейін қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірінен көрініс көрсетіп, би биледік.
Санаулы уақыттардан соң 4-тоқсан да аяқталады. Сөйтіп, бастауыш сыныппен қоштасамыз.
Ханшайым ҚАЙЫРГЕЛДИНА, №2 орта мектептің 4-сынып оқушысы,