Photo Valeriy BUGAYEV

Екібастұз қаласында инфрақұрылымды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның барысын аймақ басшысы Асайын Байханов тексеріп қайтты.

Кеншілер шаһарындағы Екібастұзға — 50 жыл көшесінің бойындағы кәріз коллекторының әбден тозығы жеткен. Жалпы ұзындығы 2 260 метр желінің 90 пайыздан астамы ескі. Көптеген жарықтар мен құбырдың жоғарғы бөлігінің ішінара құлауына байланысты өткізу қабілеті төмендеп, апатты жағдайлар жиі орын алуда. Жыл басынан бері екі апаттық оқиға болды. Соның соңғысы бір ай бұрын қиындық туғызды.

Асайын Байханов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау мәселесін қарауды тапсырды.

— Коллекторды санация әдісімен қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Қажетті жұмыстардың сметалық құны есептелді. Қаланың тіршілігіне қажет маңызды коммуналдық нысанды қалпына келтіру үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктерді пайдалану қажет, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Одан кейін облыс әкімі 10-нан астам шағын аудан мен өнеркәсіптік аймақ орналасқан қаланың солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз ететін «Хлебозаводская» электр қосалқы станциясының жұмысын тексерді. Жаңадан салынып жатқан ЖМ-7/1 жылу магистра-лінің құрылыс алаңына да барды. Жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын жылу магистралінің құрылысы аяқталып, желі гидравликалық және температуралық сынақ-тардан өтті. Қазір мұнда асфальт төсеуге және аумақты абаттандыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аймақ басшысы балалар шығар-машылығы орталығы-
ның құрылыс барысын байқады. Қазір нысанның 2-3 қабаттарының қабыр-ғалары қалануда. Айдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 40 пайызын аяқтау жоспарлануда. Асайын Қуандықұлы сапаға баса назар аудара отырып, жұмысшылардың санын көбейтуді және құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.