Бұдан былай елімізде 1 қазан — Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні болып аталмақ. Бұл дата ҚР Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізіміне енді.
Мамандардың айтуынша, аталған кәсіби мереке отандық білім беру саласын дамытуға зор ықпалын тигізумен қатар, осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің елді өркендетуге қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.
Жалпы, жоғары білім саласы — ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте, оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім ортасын қалыптастырып, ғылым саласын алға бастыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, жоғары білім саласында жүрген мамандардың беделін көтеруге де ықпал ететіні мәлім.
Өз тілшіміз.