{"data":{},"source_type":"vicut","tiktok_developers_3p_anchor_params":"{"picture_template_id":"","capability_name":"retouch_edit_tool","source_type":"vicut","client_key":"aw889s25wozf8s7e"}","editType":"image_edit","pictureId":"3570A8BA-6EB9-4BDE-B276-4A2AFCB1C902","exportType":"image_export"}

Жуырда Павлодар қалалық «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының ұйымдастыруымен жергілікті экология және туризм орталығында «Жер — әркімнің қолында» атты экологиялық акция өтті. Шараның мақсаты —  экологиялық жағдайды жақсарту.

 

Акция барысында 30 қатысушы экологиялық орталық бойынша экскурсия жасап, жасыл желектерді отырғызу ережелерімен және фитопатология негіздерімен танысты. Сонымен қатар, экологиялық проблемаларды шешуде командалық жұмысқа және қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған «Командалық білім беру және экология» тақырыбында тренинг өткізілді. Олардың арасында жергілікті биліктің, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, студенттер және белсенді  азаматтар бар. Аталған жоба аясында барлығы 10-нан астам акция ұйымдастырылып, 100-ге жуық жас қатысты.

Сондай-ақ, жастарды экологиялық мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында облыс орталығында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері мен қызметкерлерінің бастамасымен қалдық-тарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді енгізуге бағытталған «ЭкоДесант» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында бір топ эковолонтер ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен алаңдарды қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, ойын–сауық орталықтары  мен адамдар көп жиналатын орындарға барып, облыс орталығының тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинауға шақырып, оларды қайта өңдеу туралы ақпараттық буклеттер таратты.

 

Өз тілшіміз.