Облыс орталығында ойынқұмарлыққа салынған жастарға қолдау көрсетіп, жәрдемдесу мақсатында арнайы орталық ашылды. Бұл кеңсенің кеңесін лудомания жетегінде жүргендер онлайн немесе оффлайн түрде алуына болады.

«New vision team» қоғамдық қоры баспасөз қызметінің мәлі-метіне сүйенсек, Павлодар қаласында ашылған фронт-кеңседе ойынға тәуелді жастарға психологиялық қолдау көрсетіледі.

Мамандардың пікірінше, ойынқұмарлық — құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Фронт-кеңседе осы салада көп жылғы тәжірибесі бар, жоғары білікті 3 психолог жұмыс істемек. Бұл орталықта лудомандардың тәуелділік деңгейі диагностикаланады, бағаланады. Сол тәуелділіктің салдарын, психо-логиялық және психиатриялық ақауларының бар-жоғын анық-тайды. Әр азаматтың жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп, оны іске асыруға көмектеседі.

Аталмыш фронт-кеңсеге 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың жүгініп, тегін кеңес алып, қолдау көруіне болады. Сондай-ақ, 8-705-190-21-10 WhatsApp нөмірі арқылы анонимді түрде хабарласуға болады. Осылайша, ойынға тәуелді жастар дертінен арылғысы келсе, білікті психологтың тегін кеңесін тыңдап, жеке жұмыс форматында құмарлықтан арылуға қадам баса алады.

Кеңсе Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189 мекенжайында 412-кабинетте орналасқан. Психологтар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

 

Г.МАҒЖАН.