Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды орта. Бір-бірін сыйлап, сүйіспеншілікке бөлейтін жанұясы бар адам шын бақытты.

 

Мен отбасымды жақсы көремін. Отбасымда бес бала бар. Олар – асқар тауым әкем, жанашыр анам, екі бауырым, екі сіңлім және мен. Екі сіңлім – егіз. Есімдері Әмина мен Алина. Олардың жастары – алтыда.

Биыл бірінші сыныпқа барды. Ал мен жетідемін. Мен екінші сыныпта оқимын. Әкем мен анам бізге «Тәртіпті болыңдар. Жақсы оқыңдар. Еліміздің болашағы сендерсіңдер» деп айтып отырады.

Біз әкем мен анамның айтқандарын тыңдап, жақсы оқуға тырысамыз. Мен әкем мен анамды дүниеге әкелген әжелеріме, әкем мен анама, бізге жазу мен оқуды үйреткен ұстазыма алғыс айтамын. Жанымызға жақын адамдарды аялайық.

Айару СӘКЕН,  Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.