Бүгін – «Saryarqa samaly» облыстық газетінің алғашқы нөмірі оқыр-
ман қауымға жол тартқан күн. Басылым 95 жыл аралығында сан қилы тағдырды бастан өткеріп, елімен бірге жасап келеді. Алдыңғы буын салған сара жолды қазіргі ұжым жалғап, оқырманның үдесінен шығу мақсатында тыныс-тіршіліктің тамырын дөп басып, көпшіліктің көкейіндегі күрмеулі жайттарды көтеру үшін барын салуда. Осы уақыт аралығында басылыммен бірге бола білген қалың жұртқа айтар алғысымыз зор.