Облыс басшысы Асайын Байханов облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттады. Олардың қатарында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, ғылым, бизнес, өндіріс және өнер саласындағы таланттар бар.

Аймақ басшысы жеңімпаздарды құттықтап, мемлекет әртүрлі салалардағы жастар жобаларын қолдайтынын және дамытатынын атап өтті.

— Біздің аймағымыз ақылды және талантты жастардан кенде болған емес. Біз мұнымен мақтанамыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз салаларыңызда жетістікке жеттіңіздер. Әрбіріміз елімізді дамыту жолында өз рөлімізді түсінбей және жауапкершілік алуға дайын болмасақ, еліміз үшін маңызды міндеттерді тиімді шешу мүмкін емес, — деді облыс әкімі. Кездесуде Асайын Байханов жастар саясатын трансформация-лау, жұмыстың жаңа формаларының қажеттілігі туралы көзқарасымен бөлісті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастардың сұраныстарын қанағаттандыру бағытында жұмыс істеп, әлеуметтік лифт қалыптастыруда жобалық әдістерді қолдануы қажет. Сондай-ақ, облыс әкімі студент және жұмыс істейтін жастарды біріктіретін «Креативті индустрия» орталығын ашуды, Президенттік кадрлық жастар резерві тәжірибесіне сүйене отырып қабілетті жастарды анықтау жобасын әзірлеуді ұсынды. Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының 10 аталымы бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Адам өмірін сақтап қалғаны үшін Ә.Марғұлан атындағы ПМПУ студенті Асан Асайынов және полиция департаментінің аға лейтенанты Олжас Тілеубергенов марапатталды. Тағы бір топ жас «Ауыл шаруа-шылығы қызметкері», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Медицина», «Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Волонтерлік», «Мәдениет» аталымдары бойынша лауреат атанды. Олардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды. Жалпы жүлде қоры — 10 миллион теңге.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.