Өңірімізде дәстүрлі түрде облыс әкімінің шыршасы өтті. Мерекелік шараға шақырылған 100-ден астам бала тәтті сыйлықтардан бөлек, жұмсақ ойыншық пен 130 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сертификат-тарға ие болды.
Шараға әлеуметтік осал топтар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, оқу озаттары мен қоғамдық өмірде белсенді оқушылар қатысты. Салтанатты шараға облыс басшысы Асайын Байханов қатысып, мере-келік костюмдегі балалармен бірге көңіл көтеріп, ән салды. Балаларға арнаған сөзінде жаңа бақыт тілеп, мерекелік сыйлықтарды табыс етті.
– Құрметті балалар, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Өз күште-ріңе сеніп, армандарыңның орындалуын тілеймін. Әрқайсыларыңыздың бойыңызда талант бар, біз оны әрі қарай бағыттауға міндеттіміз. Жақсы білім алып, жақындарыңызды қуантудан жалықпаңыздар, – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Бұл шараны ұйымдастыруға М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының ұжымы мен Ж.Аймауытов атындағы театр актерлері атсалысты. Театрландырылған көрініс форматындағы кеште жоғары деңгейдегі музыкалық және хореографиялық нөмірлер ерекше орын алды. Сондай-ақ, Ғажайып әлемдегі танымал Аяз ата, Ақшақар, Ертіс, Баян, Ғалым-бот, Олаф, Айдаһар, Жылан, Жезтырнақ кейіпкерлері арқасында мереке шынайы ертегідей болды.
Айта кетейік, шара барысында аймақ басшысы балалармен бірге шырша шамдарын жағып, ежелгі петроглиф бейнеленген ойыншықтармен безендірді. Мерекелік іс-шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәтті дастархан ұсынылады.

Салтанат ҒАББАС.