ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасы жергілікті жастар ұйымдарымен бірлесіп, «Kieli Tabigat» бірыңғай республикалық экологиялық акциясын бастады. Аталмыш акция Сабындыкөл аумағында өтті.

Киелі аумақтарды тазарту мақсатында әр өңірде сенбіліктер өткізілді. Облыста тұжырымдамаға сәйкес Баянауыл ауданының аумағы таңдалды. Белсенді жастар құрамы Сабындыкөл көлін тазартуға аттанды. Акцияға «Жасыл ел» жауынгер-лері, Павлодар педагогикалық университетінің студенттері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ресурстық орталықтары, эковолонтерлер, сондай-ақ Баян-ауыл ауданының  жергілікті тұрғын-дары қатысты. Олар киелі аумақты жинап, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға атсалысты. Іс-шара қорытындысы бойынша 50 қап қоқыс жиналды. Айта кетейік, акцияның басты үндеуі – «Бізге берілген нәрсені бағалап, одан әрі ұрпаққа беру». Жастар экологиялық жобаларды белсенді қолдайды және туған өлкенің тазалығы мен сұлулығын сақтауға өз үлесін қосуға тырысады. Сондай-ақ, Павлодар қаласының Усолка аймағында да Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және жергілікті ұйымдардың бастамасымен «World clean up day» атты бүкіләлемдік акциясы өткізілді. Облыстық экология депар-таментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Бауыржан Жансейітовтің сөзінше, акцияның нәтижесінде адамдар табиғатпен жақындасып, оны аялауға үйренеді.

– Экологиялық тәрбие қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік арқылы қалыптасады. Табиғатқа қамқоршылық осындай сенбіліктерде көрінеді. Адамдар бірге жиналып,  ластанып кеткен жерлерді қоқыстан тазартады. Сондай-ақ, қоршаған әлемді тануға қызығушылық пайда болып, экологиялық мәдениетті насихаттау сияқты қасиеттер қалыптасады, – деді ол. Оның сөзінше, облыс бойынша мыңға жуық қатысушы болды. Ал Усолка аумағынан 20 тонна қоқыс шығарылды.

 

Өз тілшіміз.