Photo Valeriy BUGAYEV

Көктем келсе жергілікті билік өкілдері мен мердігер компаниялар шыбын-шіркейге қарсы күреске мықтап кірісетіні белгілі. Бүгінде өңдеу жұмыстары барысында қолданылатын биологиялық препарат толық көлемде жеткізілді. Енді мамандар дезинсекциялық шараларды жүргізуді бастайды.

 

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурс-тары басқармасының хабарлауынша, қансорғыштарға қарсы күрес кезінде барлығы 157 тонна «Бактицид» деп аталатын биологиялық препарат пайдаланылады. Бұған дейін оның басым бөлігі қоймаға қойылса, күні кеше қалған 37 тоннасы жеткізілді. Ол «Реактив» ЖШС мамандандырылған қоймасында сақталады.

Биылғы жоспарға сәйкес, «Бактицид» алғаш рет Павлодар және Ертіс аудандарының алқаптарында шашыратылады. Өткен жылы 70 мың гектарға жуық алқап өңделсе, ағымдағы жылы авиациялық өңдеу 127 мың гектарды қамтиды. Өңірде барлығы төрт ауданның 59 елді мекенінде тосқауылдық дезинсекция жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жақын күндері химиялық препарат жеткізілуі тиіс.

Өз тілшіміз.