Қазіргі уақытта олардың денесін жердің бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандар – автобус ішінде болған құтқарушылар.

– Өкінішке қарай, ТЖД құтқарушыларының күшімен құмнан қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Автобусты іздеу жұмыстары жалғасуда. Республикалық орталық штаб қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға – бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас қайғы, – деп хабарлады кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында облыс әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті билік өкілдері бар. Еске сала кетейік, апат кезінде автобуста төрт — әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші болған. Ал шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.