«Құтты мекен» мобильді қосымшасы шетелдіктердің Қазақстанға келуін жеңілдетуге көмектеседі. Тек көші-қон бойынша 13 бағытта қызмет алуға мүмкіндігі бар. Осы мобильді қосымша арқылы шетелдікті шақыруға қазақстандық азамат өтініш бере алады.

Рұқсат алу үшін олар қосымшада қандай статуспен келетінін, қандай мақсатпен (оқуға, емделуге, виза алуға, жұмыс орындарын іздеуге, қандас мәртебесін алуға) келетінін белгілеп көрсетеді. 2023 жылы 1 қазаннан бастап қандас мәртебесін осы «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы алатын болды. Қандас мәртебесі 35 жұмыс күні ішінде беріледі. 2023 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодар облысына Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінен қандастар көшіп келіп, қоныстанған. Олар Моңғолиядан – 442, Ресей Федерациясынан — 84, Қытай елінен — 75, Өзбекстаннан — 68, Түркіменстаннан — 43, Ауғанстан елінен — 5, барлығы 720 қандасымыз қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіріп, мемлекет тарапынан берілетін көмекті алып жатыр. Сонымен қатар 60–қа жуық қандасымыз қандас мәртебесін алып, құжаттарын ресімдеуге кірісті. Әлі де шетелден көшіп келуге ынталы қандастарымыз күнделікті хабарласып жатыр. Оларға өңірдің жағдайын түсіндіріп, көші-қон үрдісі жөнінде жан-жақты қолдау көрсету, құқықтық кеңес беріп жатырмыз. «Дүниежүзі қазақтарының қауым-дастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ – ның Павлодар облыстық фронт кеңсе қызметкерлеріне әр адаммен дербес жұмыс істеуге жүктелген міндеттерімізді атқарудамыз. Сонымен қатар, қандастардың мәселелерін жергілікті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп шешу бойынша нақты қолдау көрсету, ақпараттық консультациялық көмек көрсету, құжаттарын ресімдеу барысында облыстық ПД-нің Көші-қон қызметі басқармасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Көші-қон мәселесі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатса да, соңғы кездері көшіп келіп, қоныстанған қандастар тарапынан Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілері көбейіп кетті. Бүгінгі күні шетелден көшіп келген қандастар қала, аудандардағы Көші-қон қызметі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш-сауалнамасын берген, басым бөлігі Қазақстан Республикасының азаматтығына тапсырып, шешімін күтіп жүрген қандастар баршылық. Олар Қазақстанда тұру тәртіп бойынша Үкіметтің №148 қауылысына 2023 жылғы 27 қаңтарда кірген өзгерістер мен толықтыруға байланысты шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында 90 күн мерзімінде визасыз жүре алады деп көрсеткен болса да, мерзімдерін өткізіп алу жағдайына тап болуы мүмкін. Себебі, көшіп келген қандастардың көпшілігінің құжаттары құзырлы мемлекеттік органдарға тапсырғанбыз, еңді жұмысымыз толық аяқталды деп ойлайды, ол құжаттары құзырлы мемлекеттік мекемелерде қаралып жатқанын ұмытып кетеді. Соның салдарынан көп қандас Қазақстанда тұру мерзімін өткізіп алады. Сондықтан Қазақстанда тұруға рұқсаты әлі келмеген қандастар Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй мекенжайы бойынша ПД-нің Көші-қон қызметі басқармасына шұғыл келіп, Қазақстанда тұрақты тұру визасын тегін ресімдеуге шақырамын. Егерде себепсіз ҚР-ның Көші-қон заңнамасы бұзылатын болса, айыппұл төлеуге немесе Қазақстан Республи-касының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілгендей, айыппұл салынатын болады. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы:

1) үш тәулік ішінде — ескерту жасауға алып келеді;

2) үш тәуліктен бес тәулік өткенге дейін – он айлық есептiк көрсеткiш (34500 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;

3) бес тәуліктен он тәулік өткенге дейін – он бес айлық есептiк көрсеткiш (51750 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

  1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Респуб-
    ликасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш (86250 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жазаға тартылды. Құжаттарына жауап келмеген қандастар болса, шұғыл біздің кеңсе мамандарына хабарласуға шақырамын.

Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, «Достық үйі», кеңсе №110, байланыс телефондары: байланыс орталығы: 8(7182) 327753, ұялы телефондар: +77072502888, +77079880999, +77758630205.

Болат ЗАУЫТҰЛЫ, «Отандастар қоры» КеАҚ, Павлодар облысы бойынша фронт-кеңсесінің басшысы.