Қазіргі уақытта Шалдай және Бесқарағай филиалдарының екі тұрақты орман тұқымбақ-тарындағы қарағай көшеттеріне (2022 жылдың күзінде, 2023 жылдың көктемінде және 2024 жылдың көктемінде егілген) күзгі түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салайық, Қазақстан Президенті өз Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіп, қазіргі таңда өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемдері анықталды. Осылайша Мемлекет басшысының орман қорында ағаш көшетін отырғызу тапсырмасына сәйкес Павлодар облысында ағымдағы жылы қыркүйек-қазан айларында ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың қадамдық жоспары бекітілді. Жоспар аясында жақында Шалдай және Бесқарағай филиал-дарындағы орман тұқымбақта-рының қызметкерлері, сондай-ақ, орманшылықтардың мемлекеттік инспекторлары қарағай көшеттеріне күзгі түгендеу жұмыстарын жүргізді.
— Жалпы, облыс аумағында 2025 жылға дейін 1 млн-нан астам түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Жыл сайын жапырақты және қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының қоры 1,5 тоннаны құрайды. 2021 жылдан бастап, тұқым дайындау көлемін 4 тоннаға дейін арттыру қарастырылуда. Сондай-ақ, соңғы жылдары ағаштар мен бұталарды заңсыз жоюға байланысты бұзу-шылықтар үшін жаза күшейтіледі. Осыған байланысты экология департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда, — деді қос орман тұқымбақтарының қызметкерлері.
А.МҰҚЫШЕВ.