Көлік жүргізушілеріне талап күшейеді

Там 6, 2026

Елімізде жол-көлік оқиғаларын азайту, оның салдарын барынша төмендету мақсатында ылғи жаңа қадамдар жасалады. Заң талаптары қатаңдатылып, жиі орын алатын жағдайларға қарай өзгерістер енгізіледі. Биыл тамыз айында «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген кезекті өзгерістер күшіне енеді. Бұл кімдерге қатысты? Қандай жағдайда көлік жүргізу куәлігінің күші тоқтатылады? Кімдерге міндетті медициналық тексеруден жиі өту талабы қойылмақ? Осы және өзге де сұрақтарға Павлодар облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы Фархат Нұралин жауап берді.

– Фархат Жанатұлы, Қазақстанда жүргізуші куә-
лігінен айыру және оның жарамдылығын тоқтату үшін негіз болатын жағдайлар кеңейтілді. Осы өзгерістерге тоқталсаңыз…

– Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында жүргізушілерге қойылатын талап-
тар жаңартылды. Енгізілген өзге-рістердің бірі – жүргізуші куәлігінің жарамдылығын тоқтату немесе одан айыруға негіз болатын жағдайлардың кеңеюі. Енді жүргізушінің денсаулық жағдайы көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік бермейтіні анықталған жағдайда оның жүргізуші куәлігінің жарамдылығы тоқтатылуы мүмкін. Мұндай шешім медициналық қорытынды негізінде қабылданады. Сонымен қатар, жүргізуші белгіленген мерзімде міндетті медициналық тексерістен өтпесе немесе медициналық қарсы көрсетілімдер анықталса, оның көлік басқару құқығына шектеу қойылуы ықтимал. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығына байланысты көлік басқаруы қауіпті болуы мүмкін азаматтардың жолға шығуына жол бермеу.

– 65 жастан асқан және мүгедектігі бар азаматтар екі жыл сайын медициналық тексерістен өтуі тиіс екен. Оларға хабарлама жіберіле ме әлде өздері баруы керек пе?

– Жаңа талаптарға сәйкес, 65 жастан асқан жүргізушілер мен белгілі бір медициналық көрсетілімдері бар азаматтар әр екі жыл сайын міндетті медициналық тексерістен өтуі тиіс.  Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы ескерту хабарламаларын енгізу мәселесі қазіргі уақытта  қарастырылуда.

– Облыста 65 жастан асқан және мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы қанша-лықты жиі тіркеледі? Мұндай адамдар қандай жағдайда жиі жол-көлік оқиғасына себеп болады?

– Биыл жыл басынан бері облыста 65 жастан асқан (67 жас-
тан 74 жас аралығындағы) жүргі-зушілердің қатысуымен  26 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 5 адам қаза болды, 39 адам жарақат алды.  Жалпы, тәжірибеде егде жастағы жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбіне жол жағдайын кеш бағалау, көру немесе есту қабілетінің әлсіреуі, күрделі жол айрықтарында маневр жасау кезінде қателік жіберу, қарсы келе жатқан көліктің жылдамдығын дұрыс бағаламау сияқты себептерден орын алады. Ал мүгедектігі бар азаматтардың қатысуымен болатын оқиғалар, негізінен, денсаулық жағдайының көлік басқаруға әсер етуімен байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, мүгедектігі бар азаматтардың барлығы бірдей қауіп төндіреді деген тұжырым дұрыс емес. Егер адамның медициналық жағдайы көлік басқаруға мүмкіндік берсе, ол өзге жүргізушілер сияқты заңды түрде көлік басқара алады.

– Мас күйінде көлік жүргіз-гендерге қатысты қандай өзгерістер бар?

– Қазақстанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік бұрыннан қатаң болып келеді. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мас күйінде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкерші-лікке тартылады және белгілі бір мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Жаңа өзгерістерге сәйкес, егер жүргізушінің әрекеті қылмыстық құқық бұзушылыққа әкеліп соқса және кейін тараптар татуласса немесе қылмыстық іс тоқтатылса да, сот қосымша жаза ретінде көлік құралын басқару құқығынан айыру мәселесін қарастырады. Яғни, татуласу жүргізушінің міндетті түрде көлік басқару құқығын сақтап қалатынын білдірмейді. Бұл талаптың мақсаты – жол қауіпсіздігін күшейту және ауыр құқық бұзушылық жасаған адамдардың қайтадан көлік басқаруына жол бермеу.

– Жаңа өзгерістерде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматтарға қатысты қандай шара қолданылады?

– Өрескел құқық бұзушылық жасаған жүргізушілерге қатысты жауапкершілік әрқашанда күшей-тілген. Атап айтқанда, олар – жүргізуші куәлігінен айыру, жүргізуші куәлігінің жарамдылығын тоқтату, міндетті медициналық тексеруден өткізу, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту. Бұл шаралар жол қозғалысына қауіп төндіретін жүргізушілерді анықтап, олардың қайтадан құқық бұзу тәуекелін төмендетуге бағытталған.

– 2026 жылдан бастап мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін автоматты түрде ұзартуға болмайды екен. Енді оны қалай ұзарту керек?

– 2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны автоматты түрде ұзарту қарастырылмайды. Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталса, азамат қажет болса, медициналық тексерістен өтеді, мемлекеттік бажды төлейді. Жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы өтініш береді. Белгіленген құжаттарды, яғни, ескі жүргізуші куәлігін тапсырады. Бұрын жүргі-зушілер кейбір жағдайларда мем-
лекеттік қызметті жеңілдетілген тәртіппен алып, куәлігін қайта рәсімдей алатын. Жаңа тәртіпте жүргізушінің медициналық талап-тарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады.

– Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан — Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.