Железин ауданында шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейген. Ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарымен мамандар су қойма-ларында дернәсілдер пайда болған жерлерді бірден өңдеуге кірісуде.

Аудандық экономиканың нақты секторының бас маманы Қанат Рамазановтың айтуынша, қазіргі таңда Ертіс өзенінің жайылмалары өңделуде. Бұл жұмыстар ағымдағы айдың 8 мамырында басталған. Үш жылдық мерзімге арналған конкурсты жеңіп алған «ИнжиСтройПроект» ЖШС 2300 гектар алқапта шыбын-шіркейге қарсы өңдеу шараларын жүргізуі тиіс. Ауданда Пятирыжск, Моисеевка, Железинка, Береговое, Башмачин, Прииртышск, Үрлітүп елді мекендері маңында Ертіс өзенінің жағасы өңделеді.
— Қазіргі таңда өзен суы жайылды. Әлі де арнасына қайтуы баяу. Сондықтан ғалымдар су қоймаларын зерттеп, қай тұста шыбын-шіркейдің дернәсілі барын анықтаса, сол аумаққа мердігер мамандарына бағыт беріп, ұсыныс айтады. Өңдеуші фирма қызметкерлерімен бірге тапсырыс беруші ұйым ретінде біздің бөлім мамандары да қатар жүріп, жұмыс барысын қадағалайды, — дейді Қ.Рамазанов.

Г.МАҒЖАН.