Аққулы ауданында Мемлекет Басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру бастамасы табысты жүзеге асырылуда. Жоба аясында 77 жұмыс орны құрылды.

Ауданда «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік бастамаларды дамыту жобасы аясында 97 адам оқытудан өтті. Биыл 22 грант беруге 30 360 мың теңге сомасында қаражат қарастырылып, комиссияның шешімімен 15 грант берілді. Сонымен қатар, 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несиені 35 жасқа дейінгі жастардан 9 адам алды. Биыл өңірге кемінде 250 адамды тарту керек. Оның ішінде 205 қоныс аударушы, 45 қандас. Қазіргі жағдай бойынша 25 отбасы, яғни 129 адам қоныс аударушы көшіп келді. Сондай-ақ 45 қандас (8 отбасы) ауданға қоныс аударды. Осы бағыттағы жұмыстар одан ары жалғасады.

Т.ӘБІЛДА.