«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда бүгінге дейін бірнеше жоба сәтті жүзеге асты. Биыл да аталған бағдарлама шеңберінде әр бағыттағы жұмыстар жүргізілмек.

Мәселен, осы жылы Майтүбек ауылындағы кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған бюджеттен 37,7 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, елді мекеннің кіреберіс жолын жарықтандыру (19,2 млн теңге) және Бауыржан Момышұлы көшесінде (1,190 шақырым) 41,4 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүзеге аспақ.

Бүгінде Майтүбек елді мекенінің ауылішілік Арычная және С.Мүткенов көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарының бас мердігері — «Павлодар жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Одан бөлек, 85 млн теңгеге байланыс және ақпарат орталығының ғимаратын және 23,3 млн теңгеге медпунктті күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарланған.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.