Мүткенов ауылының белсенді азаматтары соңғы жылдары бірқатар мәселені алға тартып келгені белгілі. Олардың бірнешеуі бүгінгі күні шешімін тауып жатса, қалғаны – алдағы уақыттың еншісінде.

Аудан әкімі Қаршыға Арынов Мүткенов ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі барысында бүгінде екі бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның бірі – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізу болса, екіншісі – ауылішілік жолдарды жөндеу.  Алғашқы мәселе 2025 жылға енгі-зілсе, келесі жылдың бюджеттік жобасына көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Әрі қарай атқарылған жұмыстар туралы баяндаған аудан әкімі Жаңатап ауылында жеңілдетілген су құбырының құрылысы аяқталуға жақын екенін айтты. Сондай-ақ, биыл көше шамдары, Естай, Жаңабет ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды.

 

А.БОРАНБАЕВА.