Биыл Май ауданында көмірмен қамтуда мәселе болмауы тиіс. Бүгінде аудан бойынша қытымыр қысқа дайындық барысы тұрақты пысықталуда.

Ауданда жеке қазандықтан жылытылатын бюджеттік саланың 69 нысаны бар. Оның ішінде 24 қазандық қатты отынмен, 9 электрмен, 23 пешпен және 13-і орталық қазандықтан жылытылады. «Май-Сервис» коммуналдық кәсіпорнының жылу маусымындағы көмірге қажеттілігі 5600 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорын мен «Богатырь» разрезі арасында осы жылдың қазан айынан наурыз айына дейін жеткізу мерзімімен қатты отын сатып алу туралы келісім жасалды. Бүгінде қорда 1200 тонна көмір бар. Қосымша 2000 тонна көлемінде қатты отын сатып алуға төлем жасалды. 15 қарашадан бастап жеткізу жоспарлануда.

А.БОРАНБАЕВА.