Ақсу қаласында осыдан үш жыл бұрын мұз айдынының негізі қаланған болатын. Алайда бұл нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.

Бастапқыда спорт нысанын екі жылдың аралығында қолданысқа тапсыру көзделген еді. Алайда түрлі қиындыққа байланысты бұл мерзім кейінге шегеріліп келді. Енді мердігерлер көптен күткен мұз сарайын осы жылдың тамыз айында ел игілігіне беруді көздеп отыр.

Қазіргі уақытта негізгі құрылымы толықтай жиналған. Төбесі жабылған соң қабырғалары тұрғызыла бастайды. Жалпы, спорт нысаны шамамен 4 мың шаршы метрді алады. Мұнда жасанды мұзбен қатар, көрермендерге арналған трибуна, жаттығу залы, медициналық бөлме және тағы басқа бөлмелер қарастырылған. Айта кетейік, соңғы түзетулерден соң мұз айдынының құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінгелі отыр.

 

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.