Жақында Баянауыл ауданында мемлекеттік кірістер және жергілікті полиция бөлімдерінің мұрындық болуымен көлік құралдарына салық төлеу талабының орындалуын тексеруге бағытталған рейд жүргізілді.

Шара барысында көлік құралдарына берешегі бар тұрғындар анықталып, ескертулер жасалды. Сонымен қатар, салық төлеуге салғырт қарап жүргендердің кейбірі бірден төлем жасап, тиісті қарызын өтеді.

Аудандық полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұдан былай мұндай рейдтік тексерулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, салық төлеуде берешегі бар азаматтардың көлігі Баянауыл аудандық полиция бөлімінің айып тұрағына қойылатын болады. Сондықтан жергілікті полиция бөлімінің өкілдері аудан тұрғындарын салыққа салғырт қарамауға шақыруда.

Н.АҚЫТЕГІ.