Сары қымыз сапырды

Сәу 17, 2025

Аудандық «AMANAT»  партиясының филиалында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында ауқымды шара өтті.

Шараға жергілікті «Нұр-Ана әлемі» бірлестігі, «Атамұра» клубы, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері қатысты. Ауқымды жиынға арнайы шақырылған жеке кәсіпкерлер, қолөнер шеберлері өз туындыларын назарға ұсынды. Мәселен, жеке кәсіпкер Ж.Әбенова өзі дайындап әкелген қымыздың адам ағзасына пайдасы, оның жасалу жолын кеңінен айтып берді. Тігінші Е.Айжұлдыз қолынан шыққан туындыларын көрсетіп, ұлттық өнерді жаңғыртуда жеткен жетістіктерімен бөлісті. Қолөнер шебері Нұрсұлу Дәргерхан өзі жасаған әшекей бұйымдарды таныстырды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай шаралар өз жалғасын тауып, ауылда кәсіппен айналысып отырған тұрғындардың еңбегі дәріптеле бермек.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.